Уважаемые члены Палаты!

С прискорбием сообщаем, что 27 июля 2020 года ушел из жизни наш коллега Кошчанов Нурлан Ходжанепесович.  

Нурлан Ходжанепесович родился 9 августа 1965 года и совсем немного не дожил до своего 55-летнего юбилея. 

Нурлан Ходжанепесович прошел интересный путь профессионального роста. От рядового специалиста по оценке залога в АО «Народный банк Казахстана» до заместителя начальника Управления оценки обеспечения АО «Банк Развития Казахстана», в дальнейшем работал руководителем отдела оценки и директором в нескольких независимых оценочных компаниях.

В июне 2018 года решением Общего собрания членов Палаты Нурлан Ходжанепесович был избран в Президиум Палаты, в ноябре 2019 года вошел в состав Экспертного совета Палаты, а в декабре 2019 был избран Председателем Экспертного совета.

За очень короткий срок работы в органах управления Палаты Нурлан Ходжанепесович продемонстрировал не только глубокие знания и способности к управлению, но и замечательные душевные качества. Он был очень отзывчивым человеком, готовым помочь делом или советом всем, кому его помощь была необходима. Нурлан Ходжанепесович мог принести много пользы общему для всех нас делу – становлению нашей Палаты и развитию оценочной деятельности в РК, но не успел.

Мы запомним Нурлана Ходжанепесовича не только как Первого Председателя Экспертного совета нашей палаты, грамотного и профессионального оценщика. Для кого-то Нурлан Ходжанепесович был другом, для кого-то учителем и наставником, для кого-то строгим, но справедливым руководителем.

Выражаем глубокие соболезнования семье и близким Нурлана Ходжанепесовича.



Құрметті Палата мүшелері!

Өкінішпен, 2020 жылдың 27 шілдесінде біздің әріптесіміз Нұрлан Ходжанепесұлы Қошчанов өмірден өткенін хабарлаймыз.

Нұрлан Ходжанепесұлы 1965 жылы 9 тамызда дүниеге келген және 55-жылдық мерейтойына аз уақыт қалып еді, өкінішке орай ол күнге жетуге бұйырмапты.

Дарынды да сыйлы азаматымыз кәсіби өсудің қызықты жолдарынан өткен жан. "Қазақстан Халық банкі" АҚ кепілді Бағалау жөніндегі қатардағы маманнан бастап "Қазақстан Даму Банкі" АҚ қамтамасыз етуді бағалау басқармасы бастығының орынбасарына дейін, одан әрі бағалау бөлімінің басшысы және бірнеше тәуелсіз бағалау компанияларында директор болып жұмыс жасады.

2018 жылдың маусым айында Палата мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен Нұрлан Ходжанепесұлы Палата Төралқасына сайланды, 2019 жылдың қараша айында Палатаның Сараптамалық кеңесінің құрамына кірді, ал 2019 жылдың желтоқсанында Сараптамалық кеңестің Төрағасы болып сайланды.

Палатаның басқару органдарындағы жұмыс барысында өткізген өте қысқа мерзім ішінде Нұрлан Ходжанепесұлы терең білімі мен басқару қабілетін ғана емес, сондай-ақ тамаша рухани қасиеттерін де көрсетті. Ол көмек қажет болған барлық адамдарға іспен немесе кеңеспен көмектесуге дайын өте жауапты адам болды. Нұрлан Ходжанепесұлының баршамыз үшін ортақ іс, ортақ мүддеге айналған  – біздің Палатаның қалыптасуы мен ҚР-да бағалау қызметінің дамуына, өркендеуіне қосар үлкен үлестері, алар асулары мен бағындырар биіктері әлі көп еді, бірақ үлгермеді.

Біз Нұрлан Ходжанепесұлын Палатаның Сараптамалық кеңесінің бірінші Төрағасы, сауатты және кәсіби бағалаушы ретінде ғана емес, біреулерге дос, біреулерге мұғалім және тәлімгер, біреулерге қатаң, бірақ әділ басшы болғандығын есте сақтап, ұмытпаймыз.

Нұрлан Ходжанепесұлының отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Алды пейіш, арты кеніш болсын деп тілейміз.